30.10.2015, 18:28
Оқылды: 19

«Балам оқып жатыр» деп алаңсыз ата-анасы

12197303_901059833315362_43034979_o«Балалар белгісіз сырқатпен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсіпті» деген хабардан соң, жағымсыз жайт орын алған Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешеніне бет алдық. Бұл түстен кейінгі мезгіл болатын.

Интернаттың іші толы ата-аналар мен ақ халаттылар. Интернат дәрігері Алтынай Төлеуғалиқызының бөлмесінен мектеп директоры Сапаров Ерсайын Қадырұлын кездестірдік. Алайда дәрігер де, директор да біздің қойған сауалымызға тұшымды жауап беруге аса ықылас таныта қоймады.

«Қазіргі уақытта бізді толғандырып тұрған басты мәселе балалардың денсаулығы. Сауалдарыңызға жауапты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алыңыздар. Мәселемен прокуратура айналысып жатыр»,- деген жауаппен шектелді Ерсайын Қадырұлы.

12204215_901059749982037_1985718920_o«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп тілейтін ата-аналар да интернат дәлізінде реніштерін білдіріп жатты. Өзін Алмагүл Мақсотқызы (суретте) деп таныстырған келіншек қынжылысын жасыра алмады. «Мен түнде кезекші болған Клава деген медбикені түсіне алмадым. Інімнің баласы Мақсотов Жалғас - 6 сынып оқушысы. Осы интернатта жатып оқиды. Түнгі 3-тен бастап қызулап, іші ауырып, құсқан. Медбике бірден «жедел жәрдем» шақырудың орнына парацетамол берумен болған. Таңғы 6-да интернат дәрігері келген соң ғана «жедел жәрдем» шақыртқан. Не тәрбиеші, не медбике, біреуі де ата- анасына хабар бермеген. Баланың өзі «ауруханадамын» деп сонау Жаңақала ауданының Пятимар ауылындағы анасына қоңырау шалғанда ғана білдік. Келінім маған хабарласып, дереу ауруханаға жеттім. Бұл не сұмдық сонда? «Балам оқып жатыр» деп ауылдағы әке шешесі алаңсыз жүр. Баласы болса, мынадай жағдайда. Ауруханаға түскен балалардың ішінде екеуі жансақтау бөлімінде. Біреуі - Искаков деген бала, атын білмеймін. Екіншісі - біздің Жалғас. Оны ести сала, әкесі мен шешесі де екі айлық нәрестесін ауылға тастап, қалаға жетті. Енді Алладан тек бауырыма шипа тілеп тұрмыз», - деді Алмагүл.

Дәл осы кезде облыс әкімдігінде өтіп жатқан арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 63 бала жеткізіліп, оның 50-і жатқызылғандығы мәлімделген болатын. Алайда интернатта болған бір сағатқа жуық уақыттың ішінде екі «жедел жәрдем» көлігімен тағы сегіз баланы алып кетті....

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале