27.08.2015, 17:37
Оқылды: 55

Баланың қуанғаны – құттың қонғаны

Akjaik mektepke jol   БҚО сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Ахмет Ғұбайдуллин Ақжайық ауданындағы Қаршы орта мектебіндегі (Ілбішін ауылы) 18 ұл-қызға 80 мың теңгенің оқу құралдарын сөмкесімен бірге сыйлады. Әлеуметтік әлсіз отбасындағы бұл балалардың Ахмет Наурызұлына деген ризашылығы деген шексіз.

Аталған оқу ұясына, Ілбішін ауылына әрдайым қамқорлық көрсетіп келе жатқан «Сахарный» мұнай жылыту бекеті (басшысы Әнуар Өтемісов) және «Семсер-күзет» ЖШС (басшысы Болат Бисенғалиев) ұжымдары да «Мектепке жол» акциясына жылдағыдай, белсене қатысып отыр. Олар 15 балаға сапалы оқу құралдарын тапсырып, мұғалімдердің, ата-аналардың алғысына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале