30.10.2015, 12:05
Оқылды: 27

Баласы үшін анасы айыпталды  

 

судТасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2, 3-бөлігімен 17 әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады. Құқық бұзған 16 адамға  ескерту беріліп, бір адамға 29 730 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Соның ішінде Мереке ауылының тұрғыны К.-нің кәмелетке толмаған  ұлы И. кешкі сағат 23-тен таңғы 6 аралығында көшеде, яғни тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілісіз жүрген. Сондықтан ұлының түнгі уақытта заңсыз көшеде жүргені үшін К. Тасқала аудандық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ескерту жазасы берілді.

      www.zhaikpress.kz

М.Жакупов

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале