22.07.2015, 13:12
Оқылды: 19

Балауса өрендер бағын сынауда

Bala turkvizion   «Bala Turkvizyon Қазақстан» І халықаралық әні байқауының ұлттық іріктеуі бойынша облыстық кезеңі өтуде. Оған 8-13 жас аралығындағы өнерпаз балалар қатысып жатыр. Жобаға Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры қолдау танытуда.

Облыстық жастар шығармашылығы орталығында бас редактор Перизат Мырзахмет пен музыкалық редактор Айжан Каримкулова озық шыққан отыз оқушының есімін салтанатты түрде жариялады. Енді балауса дарын иелерін құрамында Қазақстан эстрадасының танымал тұлғалары бар қазылар алқасы бағалайды. Олар – «Заман» тобының әншілері Ерген Айтымбетов пен Әсет Қарабалин, белгілі сазгер Арман Дүйсенов.

– Аймақ жеңімпазы анықталған соң, тәлімгер ретінде халық әнін шырқатсам ба деймін. Әр баланың өзінің арманы болады. Әнші болам деген өрен үшін бұл жоба жарқын жол ашпақ. Талантын ұштап, талабын оңғармақ, – дейді Ерген Айтымбетов.

Байқаудан үздік шыққан өрен Астана қаласында өтетін өнер бәйгесіне қатысады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале