14.06.2016, 12:07
Оқылды: 23

«Балдәурен» лагері өз жұмысын бастады

????????????????????????????????????

   Жәнібек ауданының  «Балдәурен» жазғы туристік-өлкетану лагерінің маусымдық ашылуы оздырылды. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев жиынға қатысушылар мен ұландарды лагерьдің дәстүрлі ашылуымен аудан әкімдігі атынан қызу құттықтады. Ол осындай лагерьлердің мектептердің жанынан да ұйымдастырылғанын, Елбасының Жолдауларында білім саласына зор көңіл бөлініп отырғандығын, бюджеттен қаржы бөлінуіне қарай лагерь жанынан бассейн салу қарастырылуда екендігін жеткізіп, балалардың жазғы демалыстарын көңілді де, қызықты өткізулеріне тілектестігін білдірді.


   -«Балдәурен» лагері  жыл сайын  демалушыларға есігін айқара ашып келеді. 2010 жылдан бастап, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына қарайды. Мұнда биыл алты кезең бойынша 240 бала жазғы демалыспен қамтылмақшы. Оның 40-ы, яғни өкпе ауруымен ошақтас балалар санаториялық ауысым жүйесі бойынша қамқорлыққа алынады. Алғашқы кезекте аудан орталығындағы үш мектептен 40 бала демалмақ. Лагерьде туристік-өлкетану, экология бағытында танымдық-тағылымдық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады,- дейді лагерь басшысы Меңдігүл Сағидоллақызы.

  www.zhaikpress.kz
Асқар ҚҰСАЙЫНОВ,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале