3.02.2016, 16:03
Оқылды: 27

Балық тұншықпау үшін ойықтар ойды

Akjayik balik tyshshikpasin de    Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округінің жастары жылдағысынша, өзендердегі балықтың қамы үшін тиісті шараларға қатысуда. Жуырда олар Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің инспекторы Нұрлан Сұпығалиевпен ақылдаса отырып, онымен бірге Қарасуда ойық жасау істерін орындады.


   – Қыста мұз құрсаулаған өзендерде балыққа ауа жетпеу қаупі туатыны мәлім. Сондықтан ауыл жастары бұған бейжай қарап отыра алмайды. Мұзда ойықтар жасау одан әрі жалғасатын болады. Тоғандарға шығу жоспарымызда бар,-дейді Сарытоғай ауылдық округінің жастар жетекшісі Абзал Іскендіров.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале