10.08.2015, 19:37
Оқылды: 30

Балғын  каратэшілер бәсекесі

kumiteОралдағы «ZANSHIN» каратэ клубында Якусоку Кумитэ турнирі өтті. Оған осында жаттығатын 50 жасөспірім қатысты.

Орал қаласында тұңғыш рет өткізілген отырған Якусоку Кумитэ сайысы  балғын каратэшілер үшін қауіпсіз жекпе-жек. Барлық  тәсілді  қолдануға  тек он бес жастан асқанда рұқсат етілетін көрінеді.

Жарысқа Ресей чемпионатының жеңімпазы, қара белбеу және ІV дан иегері Сергей Сизов, клуб жаттықтырушылары Асқар Ахметов, Нұржан Тоқсанов және  Марат Қожахметов төрелік етті. Өз салмақ дәрежелері бойынша Е. Кеңесов, Т. Уәлиахметов, Д. Немолочнов, А. Қожахметов топ жарды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале