1.10.2016, 15:51
Оқылды: 24

Балғын әнші бапкері  

 

balabakwa-1Орал қаласындағы №44 "Мерей" балалар бақшасының саз жетекшісі Темірова Эльмира Үмбетқалиқызы – өз ісіне нағыз берілген жан. Ол баулыған балғын әншілер қатарынан оза шауып, республикалық сайыстарда жоғары жүлде алып жатыр.


 

Жақында ғана республикалық «Дарын-2016» байқауының облыстық кезеңінде Эльмираның шәкірті, 5 жасар Жансая Нұртілекқызы жүлделі ІІ орын алды.

balabakwa-2Ал Астана қаласындағы «Қазақстан патриоты» ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» атты өнер байқауына қатысқан №44 Мерей балалар бақшасының хоры (жетекшісі – Э.Темірова) Бас жүлдені жеңіп алды!

Біз білікті маман, мықты ұстаз Эльмира Үмбетқалиқызын шәкірттерінің жеңісімен және бүгінгі кәсіптік мерекесімен құттықтаймыз

Қазыбек Құттымұратұлы

www.zhaikpress.kz

balabakwa

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале