10.09.2015, 13:13
Оқылды: 25

Банкрот банктен өтемақы төленеді

bankrot   "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ арқылы 2007 жылы банкротқа ұшыраған «Валют Транзит Банктің» 4995 салымшысына жалпы шамасы 4,25 млрд. теңге көлемінде қосымша өтемақы төленеді.

Биылғы тамыз айының 10-ынан бастап «Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшелері «Валют Транзит Банк» АҚ-дағы депозиттер бойынша  салымшылардан өтем алуға өтініштерді қабылдауды бастады. Депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Б.Қоғыловтың айтуынша, депозиттерінің шамасы 700 мың теңгеден асатын салымшылар депозиттегі қалдық бойынша мөлшерлемесіз қосымша кепілдік берілген өтемақыны алады. Әр салымшыға төленетін ақшаның көлемі 5 млн. теңгеден аспайды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале