8.04.2016, 17:29
Оқылды: 16

Банк филиалына - 10 жыл

zhilstroysberbagk     «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстағы филиалы өзінің 10 жылдық қызметінде 5 мың қазақстандықтың баспаналы болуына көмектескен.

     Аталмыш банктің облыстағы филиалы 10 жылдық мерекесіне орай ашық есік күнін өткізді. Шараның ашылу салтанатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» БҚО филиалының директоры Бауыржан Жуаспаев қонақтарды және банк клиенттерін банк мерейтойымен құттықтады.


     Қазіргі уақытта банк филиалының салымшыларының саны 28 мыңнан асады. Филиал өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысуда. Бағдарлама аясында аймақта 2128 пәтерлік 21 тұрғын үй, оның ішінде «Барлық санаттар үшін»  жалпы аумағы 107,5 мың шаршы метр болатын 13 тұрғын үй (1678 пәтер), «Жас отбасылар үшін» бағыты бойынша жалпы аумағы 23,6 мың шаршы метрлік 5 тұрғын үй (450 пәтер) пайдалануға берілді. 2016 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» дағдарысқа қарсы «Өз үйім» бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама бойынша 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, іске қосылмақ.

     Салтанатты шарада банк филиалының ұжымын  әріптестері, серіктестері мерекемен құттықтады. Банк филиалы атынан бірлескен нәтижелі жұмысы үшін Ұлттық банктің БҚ филиалының директоры Ғалия Сатыбалдинаға, Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының директоры Марат Бассаровқа, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхаметқалиевке, «Қазақстан – Орал» телеарнасының басшысы Асланбек Ғұбашевке және облыстық балалар үйінің, «Ақжайық Жас Отау» ЖШС-ның, «СВ плюс», «Орал полимер» компанияларының өкілдеріне   алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Шара барысында көңілді ән шырқалып, салымшылар арасында түрлі викториналық ойындар ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын  ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале