21.04.2016, 12:19
Оқылды: 26

Бард орындаушы оқушылар Жәнібек ауданы әкімінің қабылдауында болды

Janibek bard okushilardi kabildadi     Жәнібек ауданы әкімі Мұрат Мұқаев Астана қаласында оздырылған жас бард әншілердің «Струнная капель» республикалық фестивалінен жүлделі оралған оқушылар мен олардың жетекшісі Меңдігүл Қуанәлиеваны қабылдады.


         Жылы шыраймен қабылдауда болған жас өнерпаздар аталмыш байқаудан алған әсерлерімен бөлісті. Аудан әкімі Мұрат Рахметұлы өнерге қанат қаққан дарынды оқушылардың жетістіктеріне тәнті болып, олардың тек биіктерден көріне беруін тіледі. Осындай талантты шәкірттерді өнерге баулыған ұстазы Меңдігүл Сағидоллақызына алғыс хат табыстаса, оқушыларға естелік сыйлықтар тарту етті. Одан соң қабылдауда болған жас әншілердің бірі Расул Ерназаров «Астана» атты авторлық туындысын орындап берді.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале