16.06.2016, 14:17
Оқылды: 26

Бард әндерін орындаушылар жеңісі

Bard anderiҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстық балалар-жасөсіпірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі өтті.


 

Оған қатысқан біздің аудан командасының мүшелері, А.Құсайынов атындағы орта мектеп оқушысы Нұргелді Ғұмар «Орындаушы» номинациясынан І орын алса, Орал педагогикалық колледжінің студенті Ақкүн Ибраева мен М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушысы Ерназар Қанапиянов «Ансамбль» номинациясынан ІІ орынға ие болды. Ал, белсене қатысқан М.Мәметова атындағы орта мектептің оқушылары Әсем Ерболатова мен Аида Хасенова Грамотамен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Ж.ҒҰМАРОВ,
орталық  директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале