10.06.2015, 15:34
Оқылды: 48

Бард әндері байқауынан олжамен оралды

20140102_200511Орал қаласындағы «Самал» туристік лагерінде өткен «Шырқаған жастық шақ-2015» бард әндерін жас орындаушылардың Х облыстық фестивалінен қаратөбелік өрендер олжамен оралды.

БҚО білім басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, облыстағы балалар туризміне 55 жыл толуына арналды. Авторлық әнді насихаттау, әдеби музыкалық жанрдың ерекше түрі ретінде бард әндерін меңгерту фестивальдің басты мақсаты болып табылды.

Жас ерекшеліктеріне байланысты үш категория бойынша өткен ән байқауында, 16-18 жас аралығында сайысқа түскен жерлестеріміз жүлделі орындардан көрінді.

«Патриоттық әндер» аталымы бойынша Қоскөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Аяжан Сағиева «Земля моя» әнін орындап, жүлделі ІІ орынға ие болса, «Абай әндерін орындау» аталымы бойынша «Көзімнің қарасы» әнін орындаған Қоскөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Аружан Ахметова ІІІ орынды иемденді. Ал «Автор-орындаушы» аталымында «Таңдағаным сен менің» атты өзінің әнін орындаған Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Данияр Бейімбетұлы арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

Аталмыш фестивальға жас орындаушыларымыз аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының «Бард әндері» үйірмесінің жетекшісі Нүркен Исламовтың жетекшілігімен барды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ,

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале