8.01.2016, 19:07
Оқылды: 25

Барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есеп береді

akorda    Елбасы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер өңірде қаңтар, ақпан айларында тұрғындар алдында есеп бермек.


БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы Жасұлан Нұрғожиннің айтуынша, бастапқы есептік кездесулер 14 қаңтар - 1 ақпан аралығында барлық елді мекендер мен ауылдық округ орталықтарында өтеді. 1-13 ақпан аралығында аудан әкімдері мен Орал қаласының басшысы жылдық есептерін береді. Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі алдын ала мәлімет бойынша 24 ақпанға белгіленіп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы облыста 415 кездесу өткізілген болатын. Биыл да одан кем болмайды. Есептік кездесулерде әкімдер тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырылып, жасалған жоспарларының орындалу нәтижесімен бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттерін пысықтайды.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале