6.11.2015, 18:22
Оқылды: 23

Барлық мәселелер уақытымен шешілетін болады

Zelenov akimmen kezdesu   Халықпен кездесу өткізіп жүрген Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов кезекті сапарын Янайкин ауылынан бастады. Кездесуге аудан әкімі аппартының жетекшісі Мұрат Залмұқанов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Еркін Қуанышқалиев, аудандық орталық аурухана директоры Тимур Мұсағалиев, аудандық тұрғын үй - комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Назгүл Абдулхаликова, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Андрей Курноскин барды.

Алдымен оуруг әкімі Исатай Жұмағұловтың үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы есебінен соң тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер де тыңдалды.

Янайкиндіктер ауыл мектебін күрделі жөндеуден өткізу, ауыл Орал-Атырау тас жолының бойында орналасқандықтан жиі болып тұратын жол-көлік оқиғалары кезінде жапа шеккендерге уақтылы көмек көрсететін жедел жәрдем көлігінің жоқтығы кедергі болатындығы мен ауылдағы учаскелік инспектордың аудан орталығына көп шақырылатындығы сияқты сауалдарды көлденең қойды. Алғашқы сұраққа жауап берген Кәрім  Каримоллаұлы: «Әзірге  дағдарыс  салдарынан мектепті жөндеу мүмкін болмай тұр. Болашақта керекті құжаттар рәсімделген соң мектепті жөндеу ісін алғашқы мәселелердің бірі етіп көтеретін боламыз»,-деп жауап берсе, жедел жәрдем көлігі туралы сұраққа аурухана директоры өзі жауап беріп, тез арада көлік табуға болатындығын жеткізді. Ал учаскелік инспектордың жиі аудан орталығына шақыртылуы облыстық департаменттің бұйрығы екендігін айтқан Еркін Сәбидоллаұлы болашақта бұл мәселе шешілетіндігін айтты.

       www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале