4.08.2016, 15:39
Оқылды: 21

Барлық сала бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтпек

ярмарка вакансийҰлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстан – жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең басты міндет – халықты жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз кеңістік ұйымдастыру екендігін атап көрсетті.


Осы мақсатта облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жыл сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырып келеді.

Биыл 5 тамызда сағат 10:00-де Жастар мәдениет үйінде БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген жас мамандарға арналған барлық сала бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырмақ.

Жастар игілігіне негізделіп, орталықтың ұйымдастыруымен бірнеше мәрте өткізіліп отырған жәрмеңкеде жастарға арнап жастар ресурстық орталығы «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша, «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» акционерлік қоғамы БҚО филиалы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, БҚО кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес береді.

www.zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале