25.02.2016, 18:59
Оқылды: 21

Баршаны бауырға басқан қазағым

????????????????????????????????????

   Қазақстанымыз талай ұлт пен ұлыстың басын біріктірген көпұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлттың отанына айналған қазақ топырағына қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерінің біздің жерге келу тарихы әр қилы.


Өткен ғасырдың отызыншы жылдары елімізге қиыр шығыстан кәрістер депортацияланған болса, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шешендер, немістер, Қырым татарлары күштеп әкелінді. Қай ұлт келсе де барлығын бауырындай қабылдап, қолындағы барымен бөліскен қазақ ешбір ұлтты далада қалдырмады. Соғыстан соң да қазақ даласына қоныстанушы ұлттар легі тоқтаған емес. Тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріне Кеңестер елінің әр қиырынан жұмысшылар келе бастады.

Солардың бірі Переметный ауылының тұрғына Игнат Андреевич Иваненко. 1935 жылы Украинаның Донбас өңіріндегі Рыбинское ауылында дүниеге келген. Біздің елімізге 1959 жылы қоныс аударады.

- Жаңа үйленген кезім болатын. Туған жерімде жұмыс жасау жағы қиын болатын. Сол 1959 жылы КСРО министрлер кеңесінің жас отбасыларды  Қазақ жеріне қоныс аударуы туралы өкімі шықты. Оны оқыған соң үйіме кеп, жолдасыммен ақылдастым да аттандық»,-деп еске алаған Игнат Андреевич елімізге 5 наурыз күні кеп тоқтағандығына дейін біледі. Келісімен өзінің мамандығы бойынша шопырлық жұмысқа орналасқан кейіпкеріміз сол кездегі Цыганов колхозы (қазіргі Егіндібұлақ ауылы) атанған елді мекенде еңбек ете бастайды. Қазақ халқының қонақжайлығы мен 13 ұлттың адамдары тұратын ауыл тұрғындарының достығы жайында Игнат ағамыз: «Мен эшелонмен жеткен бойда колхозға еңбек етуге барамын деп шештім. Ауыл үлкен болмаса да халықтың жаңадан келгендерге деген ықыласы, үйі жоқтарға өздерінің шағын ғана тамдарынан төр ұсынып, қолындағы барын беруге дайын тұрған қазақ халқының мейірімділігі болмаса, кетіп қалар ма едік. Кім білген?»,-деп еске алады. 1963 жылдан 1980 жылға дейін комплексті бригада басшысы болған Игнат Андреевич 7 жыл ішінде ауылдағы мал басы, егілетін жер мен қой санының өсуіне сүбелі үлесін тигізген. Ал 80 жылы ауылдастары оны ауылдық кеңес төрағасы етіп сайлайды. Өзіне жүктелген жұмысты абыроймен атқарған ол Цыгановқа жарық тарту ісін оңынан шешіп, тағы да халық алғысына бөленеді. «Украина менің туған жерім, ал отаным Қазақстан. Осы барлық ұл-қыздарым осы қазақ елінде дүниеге келді. Қазақ халқының алғысына бөлендім. Өзім шопыр болғанымда өңіріміздің барлық аудандарын, Ақтөбе, Қостанай облыстарында болдым. Қай жерге қай өңірге барсам да мені көкірегімнен итеріп, далада қалдырған емес. Сол үшін де қазақ халқына деген ризашылығым шексіз. Мәңгілік ел болуымыз үшін ынтымағымыздан айырылмай, бірлікті сақтай білуіміз керек. Ал ынтымақ пен бірліктің, бауырмалдық пен жанашырлықтың маңыздылығын қазақ халқы біледі»,- дейді.

     www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале