11.04.2016, 9:49
Оқылды: 30

Бар жақсылық балаларға

Kaztalov balalarga oyin alani      Қазталов ауылдық округіне қарасты Қоныс ауылының тұрғындары нәтижелі істің куәсі болды. Балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Әділ Хайруллин, Жұмабек Габдулов сынды ауылына жаны ашыған азаматтар қаржылай көмек көрсетіп, темірден түйін түйген шебер Ерлан Ақболатовтың өз қолымен жасаған жабдықтар көздің жауын алады. Арнайы материалдардан жасалған әткеншектерден бастап, үлкендер демалатын орындыққа дейін орнатылған. Бұл игі істе ауыл тұрғындарының да үлесі бар екенін айтқанымыз жөн.


     Ойын алаңының ашылу салтанатына қатысқан Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбек Керешов ауыл тұрғындарын игі бастамамен құттықтап, осы нысанды жасақтауға қатысқан бір топ азаматтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Алаңның ашылу лентасын "Ұмай" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, еңбек ардагері Гүлзада Изимова кесіп, ауыл үлкендері жиналған бүлдіршіндер мен тұрғындарға шашу шашты.

     Ауыл тұрғындары атынан сөз алған "Алтын алқа" иегері, көп балалы ана Жансұлу Мақсотова,- бұл балалар үшін өте ыңғайлы. Өте тамаша. Өйткені бала ойынмен өседі. Сондықтан біз бұған өте қуанышытымыз. Бұл ойын алаңын жасақтауда ат салысқан ауыл азаматтарына аналық алғысымды жеткіземін!,- деді өз сөзінде.

     Ойын алаңының іші асыр салып ойнаған балақайлардың күлкісіне толып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Осындай игі бастамалар ауданымызға қарасты басқа да ауылдарда жалғасын тапса екен дейміз.

www.zhaikpress.kz
Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале