26.08.2015, 16:12
Оқылды: 22

Бар мейірім – балаларға

жанибек мектепАудандық мәдениет және демалыс саябағында «Мектепке жол» акциясы аясында №1 ЖББОМ-нің аз қамтылған оқушыларына оқу құралдары табыс етілді.

Мектеп директоры Сапар Мәмбеталиевтің айтуынша, акция шеңберінде тұрақты демеушілер 1 тамыздан бастап мектептің қайырымдылық қорына жалпы құны 178 мың теңгенің тауарын ұсынды. Бұған дейін 8 оқушыға 26 мың теңгенің көмегі табысталса, бұл жолы 15 оқушыға 50 мың теңгенің көмегі ұсынылды. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қалған 102 мың теңгені құрайтын заттай (мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киімдер, т.б.) әлеуметтік көмек жекелеп, өлшемдеріне сай көрсетілуде.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале