10.10.2016, 11:33
Оқылды: 50

Баспасөзге жазылу кезеңі саяси маңызы зор науқан

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%81%d3%a9%d0%b7-2017  Баспасөзге жазылу кезеңі саяси маңызы зор науқан. Міне, 2017 жылдың басылымдарын алдырту үшін қам жасайтын шақ та келіп жетті. Оқырмандардың белсенділігі пошта тасылымына да байланысты. Егер күнделікті хат-хабар уақтылы жеткізілмейтін болса, жазылушылар саны да кемитіні хақ. Осы жөнінде «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Г.Мұқанованы әңгімеге тарттық.


  – Облыс орталығынан пошта аптасына 5 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жеткізілуде.Оның үшеуін облыстық бөлімше, екеуін Оралға жолаушы тасымалдап жүрген автокөлік иелерімен келісім-шартқа отырып, өзіміз ұйымдастырудамыз. Облыстық бөлімшенің қызметкерлері жолда округ орталықтарына соғып, тиісті пошталарын тастап кетсе, жолаушы тасымалдап жүргендер олай істей алмауда. Ауданға келген пошта сол күні сұрыпталып, ертеңіне мекеме-мекемелерге таратылады. Сайқын ауылында екі-ақ хат тасушы (почтальон) бар. Округтерде хат тасушы қаралмаған, бір-бір меңгеруші ғана. Олар  елді мекендерге (бұрынғы бөлімше орталықтарына) поштаны қатысқан адамдардан беріп жібереді немесе ай сайынғы зейнетақы, жәрдемақы төленетін кезде өздері ала шығады. Осы мәселені реттеу жөнінде елді мекендердегі ауылнайлармен сөйлесіп жатырмыз,– деді Гүлнар Бақытқызы.

  Иә, бірлесе, ынтымақтаса қимылдаса, бұл мәселенің де түйіні шешілетін сияқты. Басшымыз бар, қосшымыз бар, жалпы бәріміз де оқырманбыз ғой,ынталылық танытсақ басылымдардың таралымы да өсері хақ.

К.ҒАЙСИН

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале