28.06.2016, 18:54
Оқылды: 28

Баспасөз ардагерлерін құттықтады

IMG_2012 Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің бір топ шығармашылық ұжымы журналистердің төл мерекесі күні  редакция мен баспаханада ұзақ жылдар қызмет етіп, осыннан зейнеткерлікке шыққан ардагерлер КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері  Қайырғали Қуаналиев, Әсима Есетова, Талшын Тупишева және  Гүлбағида Хайруллинаның мекенжайларына арнайы барып, мейрамдарымен құттықтады.


Олармен ашық-жарқын әңгіме барысында аудандық газеттің өткен-кеткен тарихы сөз болды. Мәселен, басылымда көп жыл бойы   редакторлық қызмет атқарған Қайырғали Қуаналиев аудандық газетті қазірде оқып тұратындығын, оның сапасы мен безендірілуінің айтарлықтай жақсарып, оқылымды материалдардың көбейгендігін тілге тиек етті. Аудандық газеттің бас редакторы Ахмедияр Батырханов баспасөз ардагерлерін мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, зор денсаулық тілеп,  редакция ұжымының атынан шағын сыйлықтар тарту қылды.

                                                                                                   www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале