26.06.2015, 19:06
Оқылды: 34

Баспасөз қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара дүркіреп өтті

Jantas brat 03     Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда он екі аудандық, қос облыстық газеттің басын біріктіретін «Жайық Пресс» медиа холдингісінің Баспасөз қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шарасы дүркіреп өтті.

Журналистердің төл мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен,  ардагер журналистер, барлық аудандық газет қызметкерлері және Астанадан ат арытып келген мәртебелі  қонақтар  қатысты. Облыс әкімінің орынбасары  Бақтияр Мәкен  ардагерлер мен журналистерге  жылы лебізін жеткізді.

Келесі сөз тізгінін алған «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин ұжымға тілегін жеткізді.

–Биыл облыс әкімінің қаулысымен Ақсай қалалық «Бөрлі жаршысы» газеті «Жайық Пресс» ЖШС-на біріктіріліп, филиал болып құрылды. Сондықтан бүгінгі шараға алғаш рет Бөрлі ауданынан да әріптестеріміз  қатысып отыр. Қазақстанның ішінде Батыс Қазақстан облысының орны ерекше. Өйткені көп ұлтты Ресейдің бес губерниясымен шектеседі. Мұндай облыс үшін баспасөздің орны әрдайым ерекше. Бүгінгі таңда екі облыстық және аудандық газеттер,  «Жайық Пресс » сайты ақпараттық  кеңістікте барынша қызмет етіп келе жатыр. Егерде қоғамымыз да, еліміз де ынтымақ, татулық болса, оған қосқан сүбелі еңбекте әріптестеріміздің қолтаңбалары жатыр. Тағы бір қуантарлығы, Ресейдегі, Қытайдағы қандастарымыз сайттарымыз арқылы газетімізбен танысып отырғанын айтып бізді бір марқайтып тастайды. Жаңа технологияның дамуы біздің газетімізге жаңа леп әкелді. Оқырмандарымыздың саны да арта түсті. Жаңа заман мен өткенді ұштастыра білген әріптестеріме алғысым зор. Біз  ақпарат кеңістігінде ғана жетістіктерге жетіп жатырған жоқпыз, сондай-ақ баспасөз тарихына қатысты жұмыстар атқарып жатырмыз. Осыдан үш жыл бұрын баспасөз тарихына терең мән беруді бастадық.  Нәтижесінде алғаш рет 1911 -1913 жылдары қазақтың ұлт зиялыларының ұйымдастыруымен, өңірімізде тұрақты шығып тұрған «Қазақстан» газетін елге әкеліп, арнайы жинақ етіп шығардық. Бұл кітапты облыс басшысы Нұрлан Ноғаев Елбасына табыстады.  Бір қуантарлығы, сол заманда баспасөзде  көтерілген мәселелерді кейін тәуелсіздік алған  Қазақстан шешті.

«Жайық Пресс» ұжымы барлығы бірдей бір үйдің адамындай болып қызмет етуде. Ауызбіршілікті, татулықта қызмет етіп жүрген барша әріптестеріме алғысым зор,- деп құттықтауын жеткізген бас директор Жантас Набиоллаұлы штаттағы және штаттан тыс тілшілерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале