31.07.2015, 18:07
Оқылды: 29

Баспасөз өкілдері жөндеу жұмыстарымен танысты

ZH    Бүгін баспасөз өкілдері  Сарайшық көшесіндегі жылу жүйесінің қайта жаңғыртылу барысымен танысты. Жылу жүйесі  Сарайшық көшесінен Жұмыспен қамту басқармасына дейін және Сарайшық көшесінде орналасқан БҚМУ  ғимаратына дейін жаңғыртылмақ. Бұл нысанға «Уральскводстрой» АО мекемесі мердігерлік етуде. Сондай-ақ тілшілер қауымы Ш. Айталиев көшесінен Чкалов көшелерінің жол тораптарындағы құрылыспен және «Альтаир» ЖШС-ның  мердігерлігімен жөнделіп жатырған  Зашаған кентіндегі кәріз жүйесінің құрылысымен танысты.

www.zhaikpress.kz

Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале