28.06.2016, 17:19
Оқылды: 15

Баспахана ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Jalpaktal27 маусым күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Баспасөз, телевидение және радио күніне орай бір топ ардагерлерді қабылдады.


Баспасөз - қоғам айнасы. Ол тіршілік тынысын, уақыт ағымын, өмірдің бүлк-бүлк соққан лүпілін тамыршыдай дөп басып, қоғамда болып жатқан тың жаңалықтарды қалың оқырманына дер кезінде жеткізіп отырады. Жалпақталдың баспахана қызметкерлері газет шығаруда талмай еңбек етті. Олар «Коммунист», «Жалпақтал өңірі», екі аудан қосылғаннан «Сарыөзен тынысы», «Ауыл айнасы» газеттерін 2004 жылға дейін Жалпақтал баспаханасында шығарылып келді. Бүгінде бір қатар зейнет демалысында болса, қалғаны басқа жұмысқа ауысып, ел қатарлы еңбек етіп отыр. Сонымен қатар қабылдауда «Коммунист», «Жалпақтал өңірі» газеттеріне басшылық еткен, Темірғали Жазбаевтың жұбайы Дариға әжеміз, аудандық газеттің ауылшаруашылық бөліміне жетекшілік еткен Жәрдемғали Тұяқовтың жұбайы Роза әжемізде бірге болды. Баспахана меңгерушісі болған Амангелді Кәкімов, бет құраушы болған Меруерт Ақсыйқова, Раушан Сүйінішқалиева, Нұрбике Каманова, «Жайық Пресс» ЖШС Қазталов филиалы «Ауыл айнасы» газетінің есепші Роза Мырзағалиева естеліктерін айтып, сыр бөлісті.

Округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Қабдолқызы қаламдары жүйрік, журналистика саласының майталмандары болған Темірғали, Жәрдемғали ағаларымыздың жұбайлары Дариға, Роза әжелерімізге, баспахана саласының ардагерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, тарту-таралғы табыс етті.

www.zhaikpress.kz
Тұрарбек АҚМУРЗИН
Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале