2.06.2016, 11:33
Оқылды: 34

Бастауыш партия ұйымы ашылды

Borli partia    Бөрлі ауданында «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы ашылды.

   Аудандық Мәдениет үйінде осы сала қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтіп, онда бұл бастауыш партия ұйымының маңызы мен міндеттері таныстырылды.


   Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Кушкенбаев: «Нұр Отан» партиясы - елімізде Елбасының өзі бағыт-бағдарын айқындаған, елдің дамуына бағытталған партия. Бүгінгі таңда мәдениет саласы мемлекет тарапынан кең қолдау тауып келеді. Мәдениет қызметкерлері де өз тараптарынан елдің дамуына үлес қосады», - деп атап өтті. Сонымен қатар партияның аудандық филиалы төрағасының орынбасары М. Изтелеуов мәдениет қызметкерлерінің партия бағдарламасына сай қызмет етіп, елдің гүлдеп, көркеюіне атсалысатынын айтты. Жиында сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д. Нұрашева «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының ашылуы мәдениет қызметкерлерінің біртұтастығын, бірлігін көрсететі деп атап өтті.

  «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып аудандық демалу орталығы директорының орынбасары А.Рахметов сайланды. Бұл жиында сондай-ақ елімізде жан-жақты талқыланып жатқан жер мәселесі де қаралды. Әрбір мәдениет қызметкеткері жер мәселесі бойынша сауатты болу қажеттігі баса айтылды.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале