29.09.2016, 16:44
Оқылды: 28

Бастауыш партия ұйымы игі істердің ұйытқысы

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d1%8b-%d0%b8%d0%b3%d1%96-%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d2%b1%d0%b9  Бүгін «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық  филиалы қызметкерлері бастауыш партия ұйымы күні аясында «Оралагроремаш» БПҰ-мен кездесті.


  Кездесуді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов ашып жүргізді.

  -Бастауыш партия ұйымдары – «Нұр Отанның» негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларын, бағдарламаларын жүзеге асыруда БПҰ-ның рөлі ерекше екенін әрдайым айтып келеді. Батыс Қазақстан обласында 33 мың 431 адамды біріктіретін 271 БПҰжұмыс істейді, оның 64-і Орал қаласында. Кез-келген мәселелерді жедел шешу барысында осы әлеуетті күшті тиімді пайдалануымыз керек, - деп атап өтті Кенжалы Жанғалиұлы.

  Орал қаласындағы «Оралагроремаш» бастауыш партия ұйымы өз жұмысын партиялық жобалардың жүзеге асырылуын басты назарда ұстап келеді. Бүгінгі күнде 100-ден астам мүшесі бар бастауыш партия ұйымында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 3 мүмкіндігі шектеулі жан табысты жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар партия белсенділері мен кәсіпорын ұжымы жұмысшыларға шынайы қамқорлық танытып, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетеді, сондай-ақ жастарды жұмысқа орналастыруды да бастыназарға алып отыр.Атап айтқанда жас маман Ернар Исказиев:

  -Мен «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне осыдан бір жыл бұрын өткем. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Партия қатарына кіре отырып, мен ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескім келеді. Қандай жағдайға тап болса да әрбір адам өзіне лайықты, әрі мемлекетке де пайда әкілетін белсенді өмір сүруге құқылы, - деп ой бөлісті ол.

   Жиын соңында бастауыш партия ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру, үздік бастауыш партия ұйымы байқауына қатысу мәселелері сөз болды.

«Нұр Отан» партиясы

БҚО филиалының баспасөз хатшысы

Қожанбаева Назгүл

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале