28.09.2015, 20:04
Оқылды: 16

Бастауыш ұйымдар байқауы

Sirim bastauish yimdar baikaui   "Нұр Отан" партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында "Үздік бастауыш партия ұйымы" республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

 

Байқаудың комиссиялық құрамына "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасы А.Шыныбеков төрағалық етті. Бұл құрамда "Нұр Отан" партиясы БҚО филиалының консультанты Райгүл Төлегенова және басқа да аудандағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бар.

«Үздік бастауыш партия ұйымы» аудандық байқауына барлығы 16 бастауыш партия ұйымы қатысты. Партия ұйымының аяқалысы жөніндегі презентациялық жұмыстарды ұйым жетекшілері таныстырды. Қазылық құрам ұйымдардың жұмысын партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат беттерінде жариялау, БПҰ жетекшісінің жұмысы сияқты бағыттар бойынша бағалады. Бұдан бөлек, партияның мүшелік қатарын толықтыру, мүшелік жарнаның уақтылы төленуі, партиялық ұйымдардың депутаттармен байланысы төңірегінде қосымша сұрақтар қойылды.

Қорытынды партия мүшесі Саламат Иманғалиев жетекшілік ететін Жетікөл бастауыш партия ұйымы аудандық кезеңнің жеңімпазы ретінде таңдалды. Жетікөл ауылдық округіндегі Жетікөл бастауыш партия ұйымы енді бастауыш партия ұйымдары байқауының облыстық кезеңіне қатысады. Бұлан бастауыш партия ұйымы мен Шағырлой бастауыш партия ұйымы аудандық байқаудың жүлдегерлері атанды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер аудандық партия филиалы атынан марапатталды.

Байқау соңында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков БПҰ жетекшілеріне партия жұмысының ақпараттық насихатталуын күшейтуді тапсырды. Осы сияқты, БПҰ тарапынан жергілікті тұрғындар үшін бірыңғай қабылдау күндері ұйымдастырылатын болады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале