11.08.2015, 20:07
Оқылды: 21

Басқармада – жаңа басшы

 

назначение 1Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Жанболат Ғайнешұлы Иманғалиевті тағайындап, оған сәттілік  тіледі.

– Мемлекеттік қызмет сатыларында ысылған азаматтың білігі де, тәжірибесі де мол. Өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарап, алда тұрған жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру сынды күрделі мәселелердің оң шешімін таба алатынына сенімдімін. Әріптестік тұрғыда мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, осы саланың дамуына бай тәжірибеңді пайдалануға тиіссің, – деді өңір басшысы.

Жанболат Ғайнешұлы өзіне артылған міндетті абыроймен атқаратынына уәдесін берді.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале