12.11.2015, 17:23
Оқылды: 21

Бас басылым жетекшісі – Оралда

Sauitbek minbaev   Қазанның 12-сі күні өңірімізге іссапармен келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болды.

«Егемен Қазақстан»  газеті – билік пен халықтың арасына алтын көпір боп орныққан өте беделді басылым. Мемлекеттік саясаттың айқын ұстанымын діңгек қылып, ел дамуындағы екпінді жете қаузап, оқырмандарына салмақты да сапалы сарапатама ұсынып отыратын ресми баспасөз құралының жетекшісі облыс басшысымен жүздескен соң, келу мақсатын тілге  тиек етті.

– Баспасөзге жазылу бойынша негізгі науқан күз айларында белсенді жүреді. Осыған орай жыл сайын өңірлерге іссапармен шығамыз. Ақтау, Атырау облыстарына бардым. Енді батысқазақстандық оқырмандармен кездеспекпіз. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы өңірде жүргізіліп жатқан әлеуметтік, экономикалық рефорламарды, алда қолға алатын шараларды әңгімеледі. Елде қалыптасып отырған күрделі жағдайға байланысты қиындықты еңсеру жолдарын жан-жақты тарқатып айтты. Расымен де, оң шешіммен қабысатын реалистік сипаты басым бағыттағы бағдарламалар бар екен. Елбасының жетекшілігімен өңірде болып жатқан өркенді істер мен жағымды жаңалықтардың көбейе беруіне тілектеспін. Жалпы, облыс тұрғындарының «Егемен Қазақстан» газетіне жазылуы жан басына шаққанда өте жоғары деңгейде. Келесі жылы мұндағы оқырмандарымыз 14 мыңнан асады деген үміттемін, – деді Сауытбек Абдрахманов.

www.zhaikpress. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале