14.08.2015, 16:39
Оқылды: 25

Бас көше келбетін қайта табуда

 

коше«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жалпақтал ауылында екі қабатты көп пәтерлі 2 үйге, аудан орталығында да екі қабатты көп пәтерлі 2 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

Хаби Жақыпов атындағы көше кезінде аудан орталығындағы мекемелер орналасқан үлкен көше болатын. Бүгінде бұл көше ауылдың үлкеюіне байланысты шет жақта қалды. Дегенмен көзден тасада қалған жоқ. Осы көшедегі екі қабатты көп пәтерлі үйге күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Бұл жұмысты Сисенғали Нығметовтің бригадасы атқарып жатыр. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің басында аяқталмақшы.

Сонымен қатар көшені көгалдандыру мақсатында жас көшеттердің қоршаулары да жасалды. Сөйтіп, осыдан 50 жыл бұрынғы Қазталовтың бас көшесі атанған  бұл көше өзінің келбетін қайта таппақшы.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале