6.10.2016, 10:54
Оқылды: 53

Бас редактор – оқырмандар арасында

????????????????????????????????????

   Бүгін «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта мұғалімдермен, жастармен, жоғары сыныптар оқушыларымен жүздесті.


   Бауыржан Файзоллаұлы алғашқы саны шыға бастағанына ғасыр толғалы отырған басылымдағы дәуір талабына сай серпіліс, жаңа бастамалар жайында кеңінен баяндады. Алдағы кезде газетте уақыт үніне байланысты жаңа айдарлар ашылады, қоғамдық тілшілермен қарым-қатыс одан әрі нығайтылады. Бас редактор сондай-ақ әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күрес, жат болмыстан сақтану, адастырмас ұлттық құндылықтарымыз басты тақырыптар болатынын әңгімеледі. Өмірден мысалдар келтіре отырып, «Жас ұрпақ тәрбиесі ең бір өзекті мәселе екені мәлім. Ісімен өнегелі әке-шешеден ғана бала үлгі алады. Демек, отбасы құндылығы – мәңгілік тақырып»,-деді ол.

Б.Ф.Ғұбайдуллин жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Осындай жүздесу ертең басқа ауылдарда да өтеді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале