9.03.2016, 11:19
Оқылды: 27

Баталарын берді

 Sirim batalarin berdi  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков әріптестерімен бірге аудан орталығындағы көп жасаған әжелердің шаңырағына барып, мейраммен арнайы құттықтады. Аудан әкімі бастаған құттықтаушылар қатарында Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев бар.


Аудан орталығында тұратын ардагер ұстаз Күлжан Жұмағалиева, ақын – ұстаз Кама Хабиқызы, елдің еңбегін жасап, бүгінде жасы тоқсаннан асқан Қамеш Ербатырова аналарымызбен Жымпиты ғана емес, тұтас Сырым өңірі мақтанады. Аудан басшысы осы аналарымызға құттықтау хаты мен мерекелік сыйлығын тапсырып, арқаларына жаулық жапты.

Әжелер  де құттықтаушыларға разы. Олар өз сөздерінде ауданның қарқынды дамуына тілеулес екендіктерін айтуда. Қарт аналар шаңырақтарынан аттанарымызда  баталарын беріп, шығарып салды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале