5.11.2015, 10:04
Оқылды: 25

Батырлар жырын жатқа айтты

Batirlar jiri   Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қала мектептерінің 6-7 сынып ұл балалары арасында дәстүрлі батырлар жырын мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті.

Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

- Бүгінгі шарамыз «Ерліктің жыры  елдіктің ескерткіші» деген тақырыппен ұйымдастырылды. Бұл екі жылда бір рет өтетін дәстүрлі байқау. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті сайыстың жеңімпаздары мен аталым иелеріне құнды сыйлықтар мен Алғыс хаттар даярлап шараның өтуіне айтарлықтай қолдау білдіруде. Жалпы өмірде олар елімізді қорғайтын сарбаздарды дайындаса, біз шығармашылық арқылы балаларды ересектікке қадам басар осы жасынан ерік пен жігерге, рухқа тәрбиелейміз. Қазіргі ұрпақ бұрынғы өткен ата бабаларының отанын, елін қорғау жолындағы ерліктерімен кітап арқылы танысып, бойларына рух жинасын дейміз. Байқаудың басты ерекшелігі  мұнда тек қана ұл балалар қатысады. Сайысқа 40 ұл қатысып, олардың 23-і екінші кезеңге өтті, - дейді аталмыш кітапханадағы қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Гүлназ Хамзина.

Байқау қорытындысы бойынша «Райымбек батыр», «Бөгенбай батыр» дастандарынан үзінді оқыған №1 жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Диас Аманғалиев бас жүлдеге ие болды. №34 мектептің 7 сынып оқушысы Әлихан Нұрланұлы және №43 мектептің 7 сынып оқушысы Есенгелді Қадеров бірінші, №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Мұрат Мержан және №12 мектептің 6 сынып оқушысы Мерлан Ишан екінші, ал №6 мектептің 7 сынып оқушысы Нұржан Өтепқалиев және №37 мектептің 6 сынып оқушысы Нұрмат Ғабдоллаев үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, №26 мектептің 6 сынып оқушысы Әлихан Бекболатов кітапхананың «Зерек жыршы» аталымын және қалалық қорғаныс істері департаментінің арнайы Алғыс хатын иеленді. №14 мектептің 6 сынып оқушысы Әділхан Жұмабай «Жырқұмар оқушы», ал №6 мектептің 6 сынып оқушысы Нұрлан Өтебах «Білімпаз жыршы» атанды.

www.zhaikpress.kz

Нуртас Сафуллин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале