1.06.2015, 11:12
Оқылды: 40

Батысқазақстандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

akim malik kylshar   Қалалық бейіттегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанында еске алу жиыны болып, оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған өңір жұртшылығы қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов марқұмдар рухына бағыштап құран оқыды. Содан кейін еске алу жиынына қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында төрт мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, соның 1330-ы атылған екен. Орал қаласында Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж алдында Батыс Алашорда басшыларының бірі Жаһаншаның мүсіні тұрса, басқа да бірнеше қайраткерге ескерткіш тақта орнатылған. Соның ішінде саяси зобалаң кезінде атылған жалғыз қазақ қызы, педагог Шахзада Шонанова да бар.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале