15.08.2016, 15:57
Оқылды: 22

Батысқазақстандықтар ұлттық спорт түрлерінен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды

Dastyrli sportt  БҚО құрамасы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1998-2000 жылғы жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерінен (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату) өткен ел чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізді.


   БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, аударыспақтан өз салмақ дәрежелерінде Рахметолла Темірбеков (50 кг) пен Нұрмағанбет Иманғазыұлы (60 кг) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Бекнұр Әбдірахманов (40 кг), Әділ Оңғарбаев (70 кг), Әнуарбек Қалиев (70 кг+) және теңге ілуден Төрехан Бақытжанов қола медальді иеленді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале