5.02.2016, 15:21
Оқылды: 16

Батысқазақстандық балуан қыздар Қостанайда өткен халықаралық жарыстан табысты оралды

 Kostanaidan 4empion    Батысқазақстандық балуандар Қостанай қаласында 1999-2001 жылғы қыздар арасында өткен Қазақстандағы еркін күрестің негізін салушы Петр Матущакты еске алуға арналған халықаралық турнирден табыспен оралды.


   БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарысқа Батыс Қазақстаннан төрт спортшы барса, соның екеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 43 келіге дейінгі салмақта Яна Яковлева жеңімпаз атанса, 49 келіде Назерке Оңдағанова күміс жүлдені иеленді. Балуандарды облыс құрамасының аға бапкері Мұсабек Нарегеев бастаған мамандар жаттықтырады.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале