5.10.2015, 12:07
Оқылды: 28

Батысқазақстандық балғын дзюдошылар халықаралық турнирлерден олжамен оралды

Dziudo     Батысқазақстандық балғын дзюдошылар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Шешенстан астанасы Грозный қаласында Тұрпал-али Қадыровты еске алуға арналған дзюдодан 1998-2000 жылғы жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтіп, оған 17 елден 400 спортшы қатысты. Батысқазақстандық Саят Сейтқалиев 66 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар оған «Үздік техникасы үшін» арнайы жүлде табыс етілді.

Сондай-ақ Ресейдің Ульяновск қаласында Э.Якуповты еске алуға арналған дзюдодан 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасында халықаралық жарыс мәреге жетті. Мұнда Тайман Нұрғалиев 42 келіде қола жүлдені иеленді.

Бапкерлері - Қазбек Сұпығалиев.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале