27.05.2015, 11:41
Оқылды: 28

Батысқазақстандық сақшы алтын медальді иеленді

SmirnovТәжікстанда өткен аралас жекпе-жектен Азия Біріншілігінде  Батысқазақстандық  тәртіп сақшысы  Андрей Смирнов бірінші орынды иеленді.

Тәжікстанның Хурджанд қаласында оздырылған аралас жекпе-жектен Азия Чемпионаты ағымдағы жылдың 24 мамырында өз мәресіне жетті. Аталған дүбірлі додаға 8 мемлекеттің (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Қытай, Ауғанстан, Түрікмен)  мықты спортшылары қатысып, бозкілемде белдесті.

Осынау  байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысы ІІД  полицейі полиция капитаны Андрей Смирнов өзінің мықтылығын тағы   бір мәрте дәлелдеп,  93 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші жүлделі орынды ұтып алды. Жарыста Андрей ирандық, қытайлық және қырғыздық қарсыластарын тізе бүктіріп,  жеңіске жетті. Ең әдемі тұсы сол – әлем алдында Қазақ елінің көк байрағы  жоғары  желбіреп, әнұраны әуелете шырқалды.

Андрей Смирнов – кикбоксинг бойынша спорт шебері, аралас жекпе-жек бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

www.zhaikpress.kz

                                                                         Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің

                                            баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале