22.02.2016, 17:57
Оқылды: 30

Батысқазақстандық сақшы қыз Минскіде өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

Ekaterina   19 ақпан күні Минск қаласында (Белоруссия)  төрт дүркін олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесіне орай еркін күрес бойынша халықаралық турнирі аяқталды. аталған жарысқа әлемнің 25 елінен мықты балуандар қатысып, бақ сынады.


         30 қаңтар күні өз күші мен жігеріне, шеберлігіне сене білген Оралдық сақшы қыз Екатерина Ларионова еліміздің ең үздік спортшы қыздарымен 63 келілік салмақ дәрежесінде сынға түсіп (әйелдер күресі бойынша), күміс жүлдеге ие болды.

         Бұл Катяның биылғы жылы алған екінші жүлдесі. Еске сала кетер болсақ, Қазақстанның көп дүркін чемпионы, кадеттер арасындағы әлем чемпионы (Венгрия - 2011), әлемдік юниор чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд - 2012), юниорлар мен жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы (Таиланд – 2010, 2011, 2013, Монғолия - 2014), Азия чемпионаттарының көп дүркін чемпионы (Йемен – 2007, Үндістан – 2009, Қазақстан - 2012), әлем    чемпионатының қола жүлдегері (Астана- 2014), жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Хорватия - 2014), ересектер арасында халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (Италия - 2015), Қазақстан Республикасы Президентінің әйелдер күресі кубок иегері (Астана- 2015), халықаралық дәрежедегі спорт шебері – полиция кіші лейтенанты Екатерина Ларионова қаңтар айының ортасында Тараз қаласында өткен грек-рим, ересектер арасында еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатында алтын медаль иесі атанған болатын.

         Еске сала кетейік, бұл - Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Екатеринаның жыл басынан бергі үшінші медалі. Ол қаңтардың орта тұсында Таразда өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанса, одан кейін сол айдың аяғында Красноярскіде «Иван Ярыгин» ХХVII халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдені еншілеген еді.

Батыс Қазақстан облысы ІІД басшылығы мен жеке құрамы Катяны осынау тағы бір жеңісімен құттықтап, Қазақ елінің намысын қорғау жолындағы еңбегіне толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале