14.11.2016, 11:10
Оқылды: 43

Батысқазақстандық шорттрекші әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

%d1%88%d0%be%d1%80%d1%82%d1%82%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%88%d1%96-%d3%99%d0%bb%d0%b5%d0%bc-%d0%ba%d1%83%d0%b1%d0%be%d0%b3%d1%8b-%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d2%a3%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b6%d0%b5%d2%a3  Батысқазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Абзал 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, алтыннан алқа тағынды. Ол осындай табысқа қазақстандықтардан алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ал командалық эстафетада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстанның Сырым ауданында дүниеге келген. Оралда жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайындаған талантты спортшылардың бірі. А.Әжіғалиев Сочи олимпиадасында негізін батысқазақстандықтар құраған ҚР құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафеталық сында бесінші орынды иеленді. Енді ол - Алматы қаласында алдағы жылы өтетін қысқы Универсиадаға қатысуға басты үміткерлердің бірі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале