10.03.2016, 15:42
Оқылды: 33

«Батыс-Продукт» ЖШС кондитер өнімдерін шет елге де шығармақшы

 Batis produkt  «Батыс-Продукт» ЖШС кондитер өнімдерін ішкі нарық қана емес, сонымен бірге Ресейге де шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы кәсіпорынның коммерциялық директоры Евгений Попков мәлім етті.


Оның айтуынша, басты мақсат - қазақстандық тұтынушыларды сапалы өніммен қамтып, импорттық көлемді төмендету. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау-көмек өндірісті жаңғыртуға септігін тигізді. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 500 млн. теңгеге бағаланған жоба жүзеге асырылды. Кондитерлік цех ауысымына 6 тонна өнім өндіреді. Мұнда 44 адам еңбек етеді, орташа жалақы - 50 мың теңге. Цех Германия мен Ресейдің заманауи жабдықтарымен жасақталған. Бұл сан алуан өнімдерді молырақ өндіруге мүмкіндік береді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале