20.03.2016, 23:50
Оқылды: 24

Батыс Қазақстанда сайлаушылардың 73,68 пайызы дауыс берген

BKO sailau  Батыс Қазақстан облысында cайлау науқаны өткен күні жергілікті сағат 20.00-ге дейінгі алдын ала мәліметтер бойынша 430875 сайлаушының 317469-ы немесе 73,68 пайызы дауыс берген.


Облыстық сайлау комиссиясынан түскен мәліметке қарағанда, Жаңақала ауданында сайлаушылардың 98,98, Қаратөбеде 98,97, Шыңғырлауда 98,3 пайызы өз таңдауларын жасап, бұл жөнінен олар көш бастады. Ал Орал қаласында 211961 сайлаушының 112837-сі немесе 53,23 пайызы дауыс берген.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале