10.09.2015, 12:09
Оқылды: 20

Батыс Қазақстанда 69,9 мың тонна астық жинау көзделуде

 

Astik 0111   Батыс Қазақстан облысында биыл тазартылғаннан кейінгі салмақта 69,9 мың тонна астық жинау көзделсе, соның 61,4 мың тоннасы - бидай.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл 22,6 мың тонна дәнді дақылдар тұқымын (қажеттілік - 38,3 мың тонна, соның 59,0 пайызы), 8,1 мың тонна жемдік астық және 39,2 мың тонна азық-түліктік астықты (қажеттілік - 106,6 мың тонна, 36,8 пайыз) қамбаға құюға мүмкіндік береді.

Жалпы, биыл облыс бойынша 258,4 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілсе, қуаңшылық салдарынан соның 116 мың гектары есептен шығарылды. 7 қыркүйектегі мәлімет бойынша жиналуға тиісті 142,4 мың гектар егістіктің 124,3 мың гектары немесе 87,3 пайызы орылып, 64,9 мың тонна астық жиналды. Соның 56,9 мың тоннасы - бидай. Орташа өнімділік әр гектарға 5,2 центнерден келіп отыр.

Егін ору және күзгі далалық жұмыстарға 14 мың тонна дизель отыны бөлінді. Маусым-тамыз айларына бөлінген 11 мың тонна дизель отынының ақшасы төленіп, 7,5 мың тоннасы жеткізілді. Қазіргі уақытта дизель отыны жоспарға сәйкес алынуда.

Айта кетейік, өңірде қалған 18,1 мың гектар алқапты қыркүйектің екінші онкүндігінде орып бітіру көзделуде.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале