22.02.2016, 9:56
Оқылды: 14

Терроризм актісі жөнінде жалған хабар берген адам бас бостандығынан айырылады

Bokei telefon Батыс Қазақстан облысында алдыңғы жылы 3 адам телефон арқылы терроризм актісі жөнінде жалған хабар беріп, елді дүрліктіргені үшін 2-3 жылға бас бостандығынан айырылып еді. Былтыр да екі адам солардың жолын құшты.


Жыл басында Орал қаласының тұрғыны Мұрат Қилашұлы Жаңаділовтың (1968 ж.т.) үстінен іс қозғалса, жыл соңында Тасқала ауданының Атамекен ауылының тұрғыны Сергей Михайлович Русаков істі болды. Мұрат жалпы режимдегі түзеу мекемесіне 3 жылға жіберілсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылған Сергейге мемлекеттік органдарға келтірген 1 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеу міндеттелді.

Әзірге біздің Бөкей Ордасы ауданында мұндай «телефон терроризмі» тіркелген жоқ. Болмай-ақ қойсын. «Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген халық мақалын әрдайым есте ұстайық.

www.zhaikpress.kz

Е.ЖОРАЛИЕВ

Бөкей Ордасы аудандық

 жергілікті полиция басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале