12.04.2016, 16:07
Оқылды: 31

Батыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда

Akimmm      Батыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

     «Бүгінгі күннің негізі міндеттерінің бірі жаңа өндіріс орындарын құрып, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту болып отыр. Индустрияландыру картасы аясындағы өзектендірілуді еске алғанда облыста сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда 2242 жұмыс орны құрылады», -  деді ол.


     Әкімнің алға тартқан деректеріне сәйкес, Индустрияландырудың алғашқы 5 жылдығында 258 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1828 жұмыс орны құрылған. 2015 жылдың қорытындысында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі Индустрияландыру картасы жобаларының үлесі 30 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 14 пайызды құраған.

     «Мұндай жобалардың бірі - «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Жоба құны 3,1 млрд. теңгені құрайды. Трасформаторларды пайдаланушылар мұнай-газ саласындағы ірі компаниялар, энергетикалық кешен кәсіпорындары мен темір жолдар болып саналады. Бұған қоса, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС  өнімдерінің 90 пайызына дейін ТМД елдеріне экспорттауға бағытталған, Иран нарығына шығуды да жоспарлауда. Бұл жерде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Толық қуатына көшкенде 600 жұмыс орны құрылады»,-  деді А.Көлгінов.

     Өңір басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың сәуіріндегі жағдайға сәйкес, кәсіпорын 500  млн. теңгенің 840 трансформаторын шығарған. Оның 300-і ТМД елдеріне экспортталған.

     «Бұған қоса, ағымдағы жылы «Орал трансформатор зауыты» түрік инвесторларымен серіктестікте электр техникалары құрал-жаблықтарын шығаратын «Оралэнерго» ЖШС бірлескен кәсіпорнын ашады. Құны 1,5 млрд. теңге болатын электр техникалары құрал-жабдықтарын бірлесіп шығаруды ұйымдастыру келісімшартына қол қойылған. Жаңадан 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған өндіріс орнын ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында іске қосу жоспарланған», - деді БҚО әкімі.

www.zhaikpress.kz

Марлан Жиембай   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале