31.03.2016, 18:10
Оқылды: 31

Батыс Қазақстан облысында жергілікті полиция қызметінің басшысы халықпен кездесті

 UVD jergilikti policia    Елбасының Ұлт жоспары 100 нақты қадам жоспарын жүзеге асыру барысында жергілікті полиция қызметі де өз қызметін бастап кеткен болатын. Қоғамдық тәртіпті қорғау, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол бақылау қызметі мен ұсақ құқық бұзушылықты болдырмау талаптары осы жоспардың 30-қадамында көрсетілген міндеттер.


         Облыс аумағында наурыздың 29-ы мен сәуір айының 4-іне дейінгі аралықта белгіленген кестеге сәйкес Орал қаласындағы учаскелік полиция бекеттерінде жергілікті халықпен кездесу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде жергілікті халыққа ескертіліп, хабар таратылған болатын. Алғашқы күн қалаға жақын орналасқан Деркөл ауылындағы №14 учаскелік полиция бекетінен басталды. БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғабдуллин Манарбек Серікқалиұлы  түрлі сауалдар мазалаған тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты. Тұрғындардың бірін тұрғылықты мекенжайындағы құқық бұзушылық жағдайлары мазаласа, бірі – жастардың тәрбиесі, бұрынғы дәстүр бойынша қоғамдық жасақтар дайындау мәселелесімен бөлісті, ал кейбіреуі жеке мәселесі бойынша келді.

         Манарбек Серікқалиұлы тұрғындардың әрқайсысының сұрағына тұщымды жауап берді. Ал аулаларда балаларға арналған ойын алаңын салу, жол мәселесі секілді өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысуымен өтетін жиында ескертетінін айтты.

     Ауылдағы спорт клубының жетекшісі Мұхит Мәжитұлы есімді ауыл тұрғыны жергілікті учаскелік полиция инспекторларының жұмысына тоқталып, айналадағы тазалықты сақтауға ерекше мән беріп, ауылдағы ардагерлер, жасы үлкен азаматтар арасынан ерікті түрде қоғамдық жасақтар құрып, құқық бұзушылықтардың алдын алу септігін тигізсе деген  ұсынысын білдірсе,  ал зейнеткер Семенихин Федор Иванович көршісінің күнделікті той-томалағы біптейтінін айтып, наразылық танытты. Алайда ешқандай мәселе шешімсіз қалмады.

     Бұл құқық бұзушылықтар мен ұсыныстарды жергілікті полиция қызметінің басшысы жіті бақылауға алып, тиісті шаралар қолдану қажеттілігін атап өтті. Тіпті, кездесу соңында аталған мекенжайларға барып, мән-жаймен танысып, істің ақ-қарасын шешуге тырысып бақты.

     «Полиция қызметі халықпен өте тығыз қарым-қатынасты жұмыс жасау қажет. Қарапайым халық дер кезінде тәртіп сақшысына жүгіне алғаны жөн. Сондықтан азаматтарды қабылдау жұмыстары апта сайын өткізіліп тұрады, - деді Манарбек Серікқалиұлы, - Бізге жүгінген әр азаматтың сұрағы жауапсыз қалмайды. Әрине, учаскелік инспектордың жұмысы қиын. Оның мойнына ауылдың бар ауыртпатылығы түседі. Учаскелік инспекторы болғандықтан, барлығына жауапкершілікпен қарау қажет. Мен де бір кездері өз қызметтік жолымды учаскелік инспектордан бастағаным рас. Неғұрлым  тәртіп сақшысы халыққа жақын болса, тіркелген қылмыстың саны азайып, оны ашылуы артқан болар еді»,- деді өз сөзінде ЖПҚ басшысы.

     Келесі күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция бөлімінің басшысы Жәрдемов Мүслим Ғилманұлы қаладағы 4-ші шағын аудандағы №12 үйдің ауласында көп қабатты үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Жиынға әр үйдің қабырғасына жабыстырылған хабарландыруды оқып, естіген азаматтар мен азаматшалар қатысты. Кездесу барысында сол ауданға бекітілген учаскелік инспекторының халықпен қызметі туралы тұрғындардан сұрап, олардың қойған сауалдарына жауап беруге тырысты.  Қызмет басшысы тұрғындарға ауладағы автокөліктеріне, үйдің құлыптарының дұрыстығына мейлінше мұқият болуларын талап етті. Сондай-ақ, үй жануарларының (ит, мысық) үйде ұстау ережесін де айтып өтті.

     Аталған азаматтарды қабылдау жұмыстары одан әрі жалғасын таппақ, Келесі кезекте, қала маңындағы халық көп шоғырланған Круглоозерный, Серебряково, Желаев аудандарына және қаладағы бірқатар учаскелік пунктеріне бару жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале