22.06.2015, 10:01
Оқылды: 39

Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан жас жігіт көз жұмды

Avaria01   Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты. Оқиға 21 маусым күні таңғы сағат 9.00 шамасында Орал-Ақтөбе тас жолында, Барбастау елді мекеніне таяу маңда болған , - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Белгілі болғандай, «Лада Калина» автокөлігі мен «Газель» соғысып қалған. Жеңіл көлікте Теректі АІІБ басшысының жүргізушісі болған, 1993 жылғы жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, жапа шеккен екі адам Облыстық клиникалық ауруханаға түсті. Олар - "Газель" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы.

"Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Кеуде тұсының жабық жарақаттанғаны анықталды, оң жақ үш қабырғасы сынған, жүрек тұсынан соққы алған. Екінші зардап шегуші хирургиялық бөлімде жатыр. Оның жамбас сүйегі жабық түрде сынған", - деді Саматова.

Жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын анықтау үшін оқиға орнында құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале