21.06.2016, 17:21
Оқылды: 18

Батыс Қазақстан облысында ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган отырысы өтті

 пресс релиз  Батыс Қазақстан обысы ІІД кіші мәжіліс залында 2016 жылғы 21 маусым күні БҚО ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Бозымов Қазыбай Қараұлының төрағалық етуімен ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган  отырысы өтті.


   Консультативтік-кеңесші орган отырысында екі сұрақ қаралды. Біріншісі, жергілікті полиция қызметін құру туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жүктелген міндеттерді орындаудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі болса, екіншісі жазғы демалыс кезіндегі кәмелетке толмағандардың оның ішінде девианттық мінез-құлықты балалар, аз қамтылған және тұрмысы нашар жанұяларда тәрбиеленетіндер және ішкі істер органында есепке тұрғандардың айналысатын жұмысын ұйымдастыру және алдын-алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.

  Кеңеске Консультативтік-кеңесші орган мүшелері, ІІД басқарма және қызметтерінің бастықтары және БАҚ өкілдері қатысты.

    БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Сериккалиевич Габдуллин баяндама жасады.

    Ол баяндамасында ІІД Жергілікті полиция қызметі құрылған уақыттан бері қызметтің бірқатар бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілген атап өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар санын 1,4%-ға азайтуға қол жеткізілді. Аталған санаттағы қылмыстардың үлес салмағы өткен жылы 2,9%-дан ағымдағы жылы 2,4%-ға дейін төмендеді.

 Көшелерде жасалатын қылмыстар саны 6,2%-ға (1036-дан 972-ге дейін)азайды,аталған санаттағы қылмыстардың үлес салмағы өткен жылы 18,9%-дан ағымдағы жылы 16,0%-ға дейін төмендеді.

   Бұзақылық қылмысының саны жалпы 17,1%-ға төмендеді.

   Қылмыстылықтың жай-күйіне кері әсер ететін теріс факторлардың бір түрі маскүнемдік пен алкоколизм болып табылады, аталған қылмыстардың  50,9%-ы ( 676-ның 344-і) немесе мас күйде жасалған қылмыстар санының тең жартысы – бұл тікелей ІІО қызметкерлері, оның ішінде ЖПҚ тарапынан анықталған қылмыстар екенін атап өткен жөн.

   Қайталанатын қылмыстардың алдын алу мақсатында біздің тарапымыздан жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамту сұрағы шешілуде. Осылайша, ағымдағы жылғы 5 ай ішінде жұмыспен қамту орталықтарына аталған санаттағы 80 тұлға жүгініп, оның 43-і жұмысқа тұрып, 4- еуі жаңа кәсіпке қайта оқуға жолданды.

  Қабылданудағы шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының аздаған 0,6%-ға (156-дан 155-ке) төмендеуіне қол жеткізілді, жарақат алғандар саны 13,8%-ға (218-ден 188-ге) төмендеді.

    Кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын іске асыру шеңберінде 25.285 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,8%-ға (2015 ж.-22.829) артық.

         Облыс бойынша полиция қызметкерлері тарапынан барлығы 342 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, оның 186,7млн. Теңге сомасы (өндіру көрсеткіші – 54,6%,в 2015г.-42,1%-ды құрады) өндірілді.

    Сондай-ақ,  жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың, соның ішінде қолайсыз және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін девиантты мінез-құлықты балалардың, сондай-ақ ІІО есебінде тұрған жасөспірімдердің бос уақытын және профилактикалық жұмыстарды  ұйымдастыру туралы ақпарат берілді.

    Ағымдағы жылғы 22 сәуірде облыс әкімі тарапынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойғаны атап өтілді.

   Жалпы саны 602 түрлі бағыттағы лагерь жұмыс жасайтын болады (19 стационарлық, 309 мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылған, 252 тамақтануы ұйымдастырылмаған алаңдар және 22 шатырлы лагерь).

     Жазғы кезде жасөспірімдердің демалыс кезінде олардың қоғамдық орындарда  және жол қаупісіздігін сақтау бағытында стационарлық және мектеп ішіндегі лагерлерьде 300 полиция қызметкерін кезекшілікке жұмылдыруға жоспарланып отыр, соның ішінде 66 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, 31 жол полиция қызметкерлері, 203 учаскелік полиция инспекторлары.

  Жазғы демалысты ұйымдастыруда әлеуметтік қорғалмаған топтағы отбасыларындағы оқушыларды демалыспен қамтуға ерекше назар аударылады.

   2016 жылы аталған санаттағы оқушылардың 90,1%-ын жазғы демалыспен қамту жоспарланды (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 80,5%,  даму мүмкіндігі шектеулі балалар - 77,4%, аз қамтылған отбасынан - 94,3%, көп балалы отбасынан - 95,6% оқушы демалады).

   Ішкі істер органдарының есебінде тұрған девианттық мінез-құлықты балалар, мектепішілік бақылауда есепте тұрған және қолайсыз отбасыларындағы оқушылардың демалысын ұйымдастыру мәселесі ерекше бақылауда болады. Ағымдағы жылы аталған санаттағы 850 (356 мектеп ішілік есепте тұрған, 415 қолайсыз отбасындағы балалар, ішкі істер органдарының есебінде тұрған балалар) оқушыны демалыспен қамту жоспарлануда. Жазғы кезеңде жалпы 51 мыңнан астам оқушының бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл 1-10 оқушыларының жалпы санынан алғанда 59,96%-ды құрайды.

www.zhaikpress.kz
БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале