12.04.2016, 16:05
Оқылды: 40

Батыс Қазақстан облысында 1 мыңға жуық адам дуальды оқыту жүйесі арқылы білім алуда - А.Көлгінов

Akimmm    Батыс Қазақстан облысында 1 мыңға  жуық адам дуальды оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.


    «Ұлт жоспарының 76-79 қадамдары білім беру саласын жаңғыртуға арналған. Мемлекет басшысы функционалды сауаттандыруды дамыту мақсатында біртіндеп 12 жылдық білім беруге көшу керектігін айтты. 12 жылдық білім беру бойынша  осы оқу жылы барысында Орал қаласының Ықсанов атындағы №36 мектеп пен Теректі ауданындағы Шаған орта мектебі бекітілді. Педагог мамандар Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде  біліктілігін арттырып, арнайы курстардан өтті», -деді өңір басшысы.

     Оның атап өтуінше, еліміздің 10 өңірінде жұмыс істеп тұрған оқу орындарының базасында әріптестік негізде таңдалатын колледж бар, соның ішінде Батыс Қазақстан индустриалды колледжі енген. «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжі арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған. Ол бойынша колледждің инжерлік-педагогикалық жұмысшылары Астана және Минск қалаларында біліктілігін арттырды. Колледж бен облыстағы «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Стройкомбинат» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» арасында ынтымақтастық туралы келісім бекітілген.

      «Соңғы 2 жылда облыста дуальды оқыту жүйесі енгізіле бастады. Осы бағытта облыс бойынша 53 өндіріс орындарымен келісім жасалып, 979 адам осы жүйе бойынша оқытылып келеді. Яғни, түске дейін сабақта, түстен кейін өндіріс орнында 979 оралдық колледж студенттері теория мен тәжірибені ұштастыруда», - деді А.Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Марлан Жиембай   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале