4.11.2016, 14:48
Оқылды: 128

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы тағайындалды

%d0%ba%d1%83%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2Ербол Бисенұлы Қуанов Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы болып   тағайындалды.

Ербол Бисенұлы Қуанов 1981 жылы туған, білімі жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін және Атырау мұнай және газ институтын  заңгер, мұнай-газ  ісі мамандықтары бойынша бітірген.

Е.Б.Қуанов 2002-2003 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратында бас маман-заңгер лауазымында қызмет еткен.

2003-2009 жылдар аралығында Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында бас маман, бөлім басшысы болды.

2009-2012 жылдар аралығында Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Басқарма бастығы болды.

2012-2016 жылдар аралығы Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Ербол Бисенұлы Қуанов қоршаған ортаны қорғау жүйесінде, мемлекеттік қызметте, басшылық жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті бар.

 

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале